«Цифрлы Қазақстан»-жастар игілігінде атты байқау » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Цифрлы Қазақстан»-жастар игілігінде атты байқау
19
мамыр
2023

«Цифрлы Қазақстан»-жастар игілігінде атты байқау

«А.С Макаренко атындағы №6 орта мектеп МДШО» КММ-да 2023 жылдың 19- мамыр күні директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Г.Осанованың ұйымдастыруымен жас мамандар арасында «Цифрлы Қазақстан»-жастар игілігінде атты байқау өтті.
Мақсаты: Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін жетілдіру.
Әр дәуірдің өз талап-тілегі бар. Заманның көшінен қалмау – уақыт талабы. Білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отырғанын байқау барысында мектебіміздің жас мамандары: Р.Таңат, Б. Алиханқызы, А. Қалиақпар, А. Ерен, Р. Кабдулда, М. Айтказыева, Е. Байгисенова айқын көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Мектебіміздің тәжірибелі ұстаздарынан құралған әділқазылар алқасы байқауды нақты критерийлер бойынша әділ бағалап, ұсыныстарын білдіріп, жас мамандардың ұстаздық қызметіне шығармашылық табыс тіледі.
«Цифрлы Қазақстан»-жастар игілігінде атты байқау