ҰБТ -2022 » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
мамыр
2022

ҰБТ -2022

🥳Достар! Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдауды бастаймыз!

💻Тіркелу: 2022 жылғы 28 сәуір (18:00) мен 14 мамыр аралығында app.testcenter.kz сайтында
⏳ҰБТ өткізу мерзімі: 2022 жылғы 16 мамыр - 30 маусым.
📍Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеуден өту ОРНЫН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.

👍Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде Сіз тестілеуді 2 рет тапсыра аласыз және ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.

✅Бұл ҰБТ-ға қатыса алады:
✔️орта білім беру ұйымдарының 2022 жылғы түлектері;
✔️орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
✔️жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
✔️ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалар;
✔️ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар.

💸Ағымдағы (2022) жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.
ҰБТ -2022