"Тәлімгер мен тәлімалушыға тиімді әдістемелік қолдау" қалалық семинар » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Тәлімгер мен тәлімалушыға тиімді әдістемелік қолдау" қалалық семинар
31
қаңтар
2023

"Тәлімгер мен тәлімалушыға тиімді әдістемелік қолдау" қалалық семинар

2023 жылдың 31 қаңтарында "Тәлімгер мен тәлімалушыға әдістемелік қолдау" атты жас мамандарға көмек көрсету мақсатында қалалық семинар өтті.Мақсаты: Тәлімгермен бірлескен жұмысты тиімді ұйымдастыру арқылы тәлім алушының шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасу.
Семинар мақсаты: Тәлімгермен бірлескен жұмысты тиімді ұйымдастыру арқылы тәлім алушының шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасу.
«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым» деп Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай бірлескен әрекет арқылы әдістемелік сүйемелдеудің нәтижесінде жас мамандардың кәсіби шеберлігі дамиды.
Білім беру жүйесінен көрініс табатын көкжиегiмiзде көрініп тұрғaн жарқын болaшақ. Әлем өзгеруде, соған сәйкес мұғалім де өзгеріссіз қалмай, өздерінің білім беру жүйесі арқылы орын алған өзгерістерге қалай ықпал ететіндігін білуі тиіс.
Шульманның «үш көмекші» деп анықтаған – «бас – кәсіби түсінік, қол – оқытудың тәжірибелік дағдылары, жүрек – кәсіби тұтастық» мұғалім бойындағы қасиеттерді тізбектеген, ал Абайдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген философиялық ойларымен үйлессе ғана оқыту сапалы және табысты болатынына көз жеткізді. Жас мұғалімдердің жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында өзін-өзі дамытуға дайын болуын, іс-тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларды оқытып үйрету және тәлімгерлік көмек көрсету басты назарда.
Семинарды салтанатты түрде мектеп директоры А.Бокенбаева өзінің кіріспе сөзімен ашса, «Тәжірибедегі тәлімгерлік» жобасы аясында тәлімгерлікті тиімді ұйымдастыру жолдары" тақырыбында Талдықорған қаласы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері Садуақасова Мария Құрмашқызы сөз сөйлеп, жас мамандарға сәттілік тіледі.
семинар қатысушыларына сәттілік тіледі. Сонымен қатар директордың оқу әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Г.Осанова сөз алып, жас маманмен жұмыс барысымен таныстырды.
Бағдарлама бойынша мектебіміздің жас мамандары орыс тілі пәні мұғалімі Е.Байгисенова, химия пәнінің мұғалімі А.Ақылбекова, ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Нұртаев, математика пәнінің мұғалімі Р.Таңат, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Б.Алиханқызы және физика пәнінің мұғалімі М.Айтказыева ашық сабақтар берді.
Семинар соңы «Ұстаз үздіксіз ізденгенде шәкірт жанына нұр құя алады» деп А.Байтұрсынов айтқандай мектебіміздің педагог-зерттеуші, ұлағатты ұстаздары Р.Марсамбаева, Г.Жунисова, А.Рахмановалардың «Заманауи сабақтың негізгі компоненттері» атты шеберлік сағатымен аяқталды.