2023 жылдың 7 сәуір күні А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебінде мектепішілік Жылдың үздік мұғалімі-2023» байқауы өткізілді. » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2023 жылдың 7 сәуір күні А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебінде мектепішілік Жылдың үздік мұғалімі-2023» байқауы өткізілді.
08
сәуір
2023

2023 жылдың 7 сәуір күні А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебінде мектепішілік Жылдың үздік мұғалімі-2023» байқауы өткізілді.

2023 жылдың 7 сәуір күні А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебінде мектепішілік жоспарға сәйкес директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Г.Осанованың шебер ұйымдастыруымен «Жылдың үздік мұғалімі-2023» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.
Дүниедегі мамандық атаулының төресі –ұстаз. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін, мейірімді, абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы», - деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар - біздің ұлтымыздың болашақ айнасы. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.
Осы орайда, байқау барысында қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, шығармашыл тұлға ретінде жаңа идеяларымен бөлісіп, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған жаңа форматтағы педагог екендіктерін дәлелдеді.
Байқау соңында «Жылдың үздік мұғалімі -2023» анықталып, ұстаздық шеберліктерімен, ізденімпаздық, жаңашылдық қабілеттерімен дараланып, жүлделі орындарға ие болды.
І орын – бастауыш сынып мұғалімі Н.Шуратбаева
ІІ орын – тарих пәнінің мұғалімі А.Қуаныш
ІІ орын – бастауыш сынып мұғалімі Е.Шацкая
ІІІ орын – биология пәнінің мұғалімі М.Ашимханова
ІІІ орын – химия пәнінің мұғалімі А.Акылбекова
ІІІ орын – бастауыш сынып мұғалімі Ш.Сыдыкова

2023 жылдың 7 сәуір күні А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебінде  мектепішілік Жылдың үздік мұғалімі-2023» байқауы өткізілді.