Жас мамандармен жұмыс » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қазан
2019

Жас мамандармен жұмыс

Аптаның соңын қорытындылай келе мектебіміздің жас мамандарына директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Кусанова Д.Д. мен директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: Осанова Г.А. бірігіп семинар өткізді. Семинар барысында мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі, оқытудың мақсаттары, құралдары, мазмұны, әдістері мен нәтижелері жағынан жүйелі түрде айтып түсіндірілді. Инклюзивті оқушылармен жасалатын жұмыс және журналдың жүргізілуі туралы ескертулер: журнал ұқыпты және түзетусіз жүргізілуі, барлық жазулар қара/көк сиялы қаламмен толтырылуы, журналды оқу бөліміне талап етуіне қарай және әр тоқсан сайын тексеруге тапсыру қажет екендігі сияқты ескертулер айтылды. Сонымен қатар kundelik.kz атты электронды журналдың қалай толтырылатынын үйретіп түсіндірді. Және айлық жоспарға сәйкес мектепішілік "Жас мамандар" байқауы өтетіндігі, қандай кезеңдерден тұратындығы туралы толықтай талқыланды.