«Мектепке жол» акциясы » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
тамыз
2022

«Мектепке жол» акциясы

17.08.2022 жылы  «Мектепке жол» акциясы барысында  А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектеп оқушыларына демеушілер тарапынан көмек көрсетілді.

Мақсаты: 

-Республикалық «Мектепке жол» акциясын сапалы ұйымдастыру.

-Акцияға қолдау жасау негізінде демеушілер тарту.

-Аз қамтылған отбасы балаларына қуаныш сыйлау,мейірімге бөлеу.

        Республика,облыс,қала көлемінде жүргізіліп жатқан «Мектепке жол » акциясы барысында мектеп әкімшілігінің бастамасымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында  жан-жақты демеушілер іздестіріп, қайырымдылық жасауға шақырған еді.

     Сондай  кезекті бір қайырымды іс жасауға, қол ұшын созып көмек көрсеткен жерлестеріміз «Жетісулық желтоқсандықтар» қорының каһармандары болды. Әрине демеушілік жасаған аға,апайларымыз қомақты қаржы бөліп, мектебіміздің  көпбалалы отбасынан шыққан  9 «В» , 8 «В», 4 «А» сынып оқушыларына мектеп формасы мен оқу құралдарын және спорттық киімдер алып беріп,   балаларға қуаныш сыйлады. Көпбалалы отбасынан шыққан атаулы оқушыларды өздерімен бірге ертіп жүріп,өз таңдаулары,талғамдары бойынша қажетті заттарын сатып алуға мүмкіндік жасаған демеушілерге бала көңілмен риясыз алғыстарын айтты.

     Осындай демеу көрсеткен, жандары жомарт, жүректері мейірімге толы  жерлес «Жетісулық желтоқсандықтар» қорының каһарман аға, апайларына  мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар - көрсетілген мұндай сый-сияпатқа  өз ризашалықтарын білдіріп, үлкен алғыстарын айтуда.