15.03.2022ж асхана тексеру мониторингі » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 15.03.2022ж асхана тексеру мониторингі
08
сәуір
2022

15.03.2022ж асхана тексеру мониторингі

А.С.Макаренко атындағы № 6 орта мектептің  бастауыш сыныптары  бойынша  тамақтануды дұрыс ұйымдастыру  жөнінде 

 жүргізілген тексеру қорытындысы

15.03.2022 жыл.

   1. Мектепалды даярлық және 1-4  сыныптар арасында ыстық тамақтың сапалы ұйымдастырылғанын және асхананың тазалық жағдайын  тексеру мақсатында тегін ыстық тамаққа жауапты мектеп әкімшілігі тарапынан құрылған комиссия мүшелері  тексеру жүргізді.
Тексеру кезінде төмендегідей  комиссия мүшелері болды:
А.Бокенбаева-мектеп директоры
Ұ.Ахметова - директордың ТЖ жөніндегі орынбасары
А.Закирова – шағын орталық әдіскері
Г.Төлеубаева – мектеп медбикесі
Ж.Тулегенова-ата-аналар комитетінің мүшесі
   2. Мектеп асханасын жалға алушы  жеке кәсіпкер Г.Сағындықова  30.01.2020 ж  қалалық  білім бөлімі  мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған конкурс шешімі негізінде, мектеп оқушыларына ыстық  және қоғамдық тамақтануды оқу жылының 01 қыркүйегінен бастап ұйымдастырып отыр.
   3. Ыстық тамақпен қамту негізінен бірінші кезекте мектептегі әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасы және қамқоршысынан айырылған отбасы балалары қамтылған. Асхана меңгерушісі «Жеке кәсіпкер» тарапынан күнделікті 1-4  сыныптар бойынша - 20 оқушы және « Жалпыға бірдей міндетті білім беру» қоры есебінен -71 оқушы , жалпы саны-91 оқушы тегін тамақтануда.Ата-аналар тарапынан тегін тамақтану бойынша түскен өтініштерді қарастыра отырып, қажетті дәлелді құжаттар жинақталып, білім алушылардың   тізімдері құрылып, мектеп директорымен бекітілген. Сол  тізімге сәйкес оқушылар күнделікті мектеп асханасынан тегін тамақтанды.
Мектеп асханасының  жалпы жағдайы туралы
1. Мектеп асханасында  арнайы аспаздық білімдері бар 4 адам жұмыс жүргізеді. Олар: 2 аспазшы (Бабакаева Райхан,  Кисаева Алия),   
1 кондитерлік ас пісіруші  (Балабекова Асия), 1 ыдыс ( Исагулова Бота) жуушы.
2.Асхана таңғы 7.00-ден-16.30-ға дейін қызмет етеді.Асханада арнайы аспазшы бұрышы бар. Ол жерде екі апталық және күнделікті ас мәзірі, мұғалімдердің кезекшілік кестесі, сыныптардың тамақтану кестесі және асханалық қызмет туралы нұсқаулық ілінген.Мектеп асханасында асхананың күн режимі   маңдайшаға ілінген және асхана ішінде «Астарыңыз дәмді болсын!» деген қанатты сөз бар. 
3.Мектеп асханасы бір уақытта 40-45 оқушыға қызмет көрсете алады және арнайы  білім алушылар үшін жабдықталған столдар мен орындықтар бар. Асханадағы  тамақты ішу үшін  1-ші, 2-ші  асқа арналған тарелкалар мен кружка, стақандар,шанышқы,қасықтар бар.Тексеру барысында  олардың санитарлық жағдайлары да қаралып,талапқа сай екендігі анықталды.
4.Асханадағы санитарлы-гигиеналық жағдай сақталып отырады. Тез бұзылатын заттарды сақтайтын арнайы 2 тоңазытқыш бар.Тамақтардың әрқайсысы өз топтаулары бойынша (ет өнімдері, сүт өнімдері т.б) болып тоңазытқыштарда жеке-жеке   сөрелерде сақталған.
Аспазшылардың арнайы  киетін киімдері бар және қол сүртуге арналған қол орамалдар ілінген.
Асханадағы канализациялық жүйе орталықтандырылған. Арнайы қол жуатын, ыдыс жуатын  3 раковина бар,  тазалық сақталған, су жылытатын бойлер орнатылған.
  Сондай ақ  ас әзірлеуге арналған, шикі заттарды турап,аршуға арналған тақтайлар мен пышақтар,тамақ пісіретін ыдыстар  бар,олардың барлығы да арнайы  ыдыстар қоятын   сөрелерге орналастырылған.
 5.Буфеттік қызмет көрсету бойынша арнайы жасалған сөрелер,бос ыдыстар қоюға арналған шкафтар бар.Буфеттік қызмет бойынша пісірілген тәтті тоқаш, пирожкилердің,стақанға құйылған шырындардың беттері жабылған,санитарлық талаптар сақталған.
Асханадағы ыстық тамақтың құны 1-4 сыныптар үшін 370 теңге,ал буфеттік тамақтану құны  220-260 теңге көлемінде.
Буфеттік азық-түліктер түрі төмендегідей:
Тағам атауыБағасыМөлшері
Мак қосылған тәтті тоқаш140 тг50 г
Ақ нан10 тг20 г
Түйме130 тг60 г
Самса200 тг80 г
Пирожки картошкамен120 тг75 г
Нанға оралған сосиска160 тг75 г
Коржик160 тг60 г
Кекс 160 тг60 г
Алма қағынан компот60 тг200 г

 
 Қорытынды:
Тексеру барысында  мектеп асханасында санитарлы - гигиеналық талаптар сақталып отырады.Асхана қызметкерлері өз міндеттерін сапалы орындайды.Дайын және шикі өнімдерді сақтау кезінде,негізгі талаптар ескеріледі. Күнделікті ыстық тамақ арнайы бекітілген ас мәзіріне сәйкес дайындалып отырады.Ас мәзірі бойынша ауытқушылық жоқ.Мектеп асханасының жалпы жағдайы және қызмет көрсету сапасы жақсы.
Анықтама дайындаған директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Ұ.Ахметова


Төмендегі комиссия мүшелері растайды:
Мектеп директоры А.Бокенбаева
Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Ұ.Ахметова
Шағын орталық әдіскері А.Закирова
Мектеп медбикесі Г.Төлеубаева
Ата –аналар комитетінің мүшесі  Ж.Тулегенова

Похожие публикации:

14 наурыз 2018 школа
06 қыркүйек 2016 О школе