Біздің тарихымыз » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
мамыр
2022

Біздің тарихымыз

Мектеп тарихына қысқаша анықтама

Талдықорған қаласының оңтүстік шығысында орналасқан негізгі  мектеп ғимараты  1959 жылы салынған, биіктігі 2 қабат, қабырғасы кірпіш, 2002 жылы 2 қабаттан тұратын қосымша (пристройка) корпус салынды,  2008 жылы күрделі жөндеу жасалды.  Мектеп ауласы асфальтталған және темір қоршаумен қоршалған. Мектептің сыйымдылығы 670 оқушыға арналған. А.С. Макаренко атындағы № 6 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі  екі бөлек орналасқан ғимараттан тұрады: Пушкин көшесі № 205 негізгі мектеп ғимаратында  5-11 сынып оқушылары оқиды. Бастауыш сыныптар Кивилев көшесіндегі №7 ғимаратта орналасқан.Кивилев көшесі №7 мекен жайында  бастауыш сынып және шағын орталық балалары тәрбиеленуде.  Ғимарат 1985 жылы балабақшасы  ретінде салынған. Қабырғасы кірпіш, сырты ақ кірпішпен қапталған.  1996-1997 оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары оқиды. Мектепте 2009 жылдың қараша айынан «Балдырған»  бағдарламасы  бойынша  тәрбиелеуге  арналған     шағын орталық 50 балаға (2 топ -1 топ қазақ тілінде, 1топ орыс тілінде) арналып Кивилев көшесі №7 ғимаратта ашылды. 2010-2011 жылы қыркүйек айында тағы 50 балаға (2 топ -1 топ қазақ тілінде, 1топ орыс тілінде) арналған 2 топ қосылды. Шағын орталықта 4 топ (2 қазақ тілінде, 2 орыс тілінде) жұмыс істейді. Мектептің жылу, су, электр жүйелері   қаланың  орталықтанған жүйесіне қосылған. 2022 жылы мектеп күрделі жөндеуден өтті.

           

1959 жылдан бастап тағайындалған мектеп директорлары :


1959 - 1964 ж.ж- Дегтярев Алексей Егорович;

1965 - 1977 ж.ж- Гребенникова Мария Павловна;

1978 - 1984  ж.ж- Гавриленко Владимир Михайлович;

1984 - 1987 ж.ж.-Ли Леонид Анатольевич;

1987 - 1994 ж.ж- Головина Мария  Александровна;

1994 - 1997ж.ж- Кравченко  Галина Ивановна;

1997 - 2004 ж.ж- Қуатова Кербез Қуатқызы;

2004 - 2006 ж.ж – Есботанова  Лаззат Өзбекқызы;

2006 - 2012 ж.ж.- Муратбекова Гульнара Кабытайқызы;

2012 - 2015 жж-   Керейбаева Раушан Нұрғалиқыз; 

2015 - 2017 жж  Нуртаева Гузель Касымовна;

2017 - 2018 жж Исабекова Айнаш Кабуловна;

2018 - 2023 жж Бокенбаева Асия Изтаевна

2023 - жылдың  тамыз айынан бастап мектеп директоры Сайдгариева Рита Гарриевна