1937-1938 жж саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған тәрбиелік іс-шара өтті. » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1937-1938 жж саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған тәрбиелік іс-шара өтті.
31
мамыр
2022

1937-1938 жж саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған тәрбиелік іс-шара өтті.

Оқушылардың отаншылдық сезімін арттыру мақсатында 1937-1938 жж саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған тәрбиелік іс-шара өтті. Сабақ басында саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алдық. Іс-шара барысында оқушыларға репрессия кезінде құрбан болған " Алаш" партиясының көсемдері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, большевизмді Қазақстанда құрылуына ат салысқан халықшылдар: С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, түрікшілдер: Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, С.Қожанов сынды қайраткерлердің тағдыры таныстырылды. Сондай- ақ, оқушыларға " Қанмен жазылған хат" атты бейнеролик көрсетілді. Сабақ соңында оқушыларға сұрақтар қойылып, балалар өз пікірлерін білдірді.
Бас иіп тағзым етеміз Алаштың арыстарына!