"Жарқын болашақ" » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
сәуір
2022

"Жарқын болашақ"

2022 жылдың 28 сәуір күні А.С.Макаренко атындағы № 6 орта мектепте «2022 жыл- Балалар жылы» аясында мектебіміздің педагог-психологы А.Жапарованың ұйымдастыруымен 11 "А" сынып оқушыларымен «Жарқын болашақ» атты іс-шара өтті.Мақсаты: оқушылардың болашаққа деген көз қарастарымен бөлісуге , өз ойларын еркін айта отырып болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт бардар беру және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсету. Іс - шара барысында А.Жапарова оқушылармен топтық жұмыс, жеке жұмыс арқылы әр оқушының пікірін ескере отырып жан-жақты мәлімет айтылды.Сонымен қатар Айна Нусупбекова оқушыларға ҰБТ, қорытынды аттестаттау барысында орын алатын қобалжуын алдын алу мақсатында тренинг арқылы психологиялық қолдау көрсетті.Аталған іс-шараға директордың оқу-тәрбие ісі жұмысының орынбасары Д.Кусанова, арнайы маман Ж.тулегеновалар қатысты.