"Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы"дөңгелекүстел » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы"дөңгелекүстел
26
мамыр
2022

"Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы"дөңгелекүстел

Ұстаз – құрметті сөз. Шәкіртінің бойына білім нәрін сусындатып, ақылын айтып, қателерін түзеп, оны кешіре білген ардақты ұстаздарымыздың дәрежесі әрқашан жоғары. «BALA  TIME. KZ» бағыты бойынша 2022-Балалар жылына байланысты   А.С.Макаренко атындағы № 6 орта мектеп МДШО» КММ –нің  Мектеп парламенті 26.05.2022ж  "Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы" тақырыбында ұлағатты ұстаздармен  дөңгелек үстел жүргізді. Бұл іс-шараға  мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,жоғары санатты ұстаз Оспанов Зормамед Зарденович  және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, педагог зерттеуші Кабылова Жайдар Қалиевна  қатысты.

 Шараның мақсаты: оқушыларды білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына, мектебіне деген балалық алғыстарын, сүйіспеншіліктерін білдіру. 

Дөңгелек үстел барысында өз істерінің маманы бола білген ұлағатты ұстаздар  парламент мүшелеріне өз өмір жолдары, ұстаз болуының қыры мен сыры туралы айтып, қойылған сұрақтарға  жауап берді. 

"Ұстазы жақсының -ұстамы жақсы" тақырыбында өткен  дөңгелек үстел әрдайым  ұстаз бен шәкірт  арасындағы осындай өзара қамқорлық пен сыйластық сезімін және  олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктілікті шыңдау әрекеттеріне жағымды ықпал етуіне үлкен ықпалын тигізетініне сенімдіміз.

                                                           Педагог ұйымдастырушы Т.Букейбаева