«Мен белсендімін!» мектеп президентімен сұрақ- жауап отырысы » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен белсендімін!» мектеп президентімен сұрақ- жауап отырысы
30
мамыр
2022

«Мен белсендімін!» мектеп президентімен сұрақ- жауап отырысы

       «BALA   TIME. KZ» бағыты бойынша 2022-Балалар жылына байланысты  А.С.Макаренко атындағы № 6 орта мектеп МДШО» КММ –нің  мектеп парламенті және фракция мүшелері «Мен белсендімін!» тақырыбында мектеп президенті- Ахметова Азизамен сұрақ- жауап отырысын өткізді. 

Мақсаты:  оқушылардың өзін өзі басқару ұйымына   қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар, шешім қабылдауға қабілетті, жауапты және тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын және  мектепте белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. 

Кездесу барысында білім ордасының Өзін-өзі басқару ұйымының президенті  мектеп оқушыларына биылғы оқу жылында өзін жаңа қырынан көрсетіп, көшбасшылық қабілетін дамыту мақсатында  қала аумағында өткен іс-шараларға белсене қатысу керектігін айта отырып, болашақта көптеген мәселелердің шешімін табатынын айтып уәде берді. 

Содан басқа өзін-өзі басқарудың құндылығы туралы, осы ұйым арқылы оқушылар мектеп өміріне, мектептің ішкі саясатына, әкімшілік жұмыстарына, мектепішілік оқу және тәрбие үдерістеріне әсер ете отырып шешім қабылдай алатындары жайлы айтып өтті.

Кездесу соңында  өзін өзі басқару ұйымы  естелікке суретке түсті.