Сыңғырла, соңғы қоңырау. » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
мамыр
2022

Сыңғырла, соңғы қоңырау.

«А.С.Макаренко атындағы № 6 орта мектебі МДШО» КММ-де


25 мамыр  2022 жыл Балалар жылы аясында  өткен салтанатты соңғы қоңырау мерекесінде  Жаңа Қазақстанның болашағы , еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар 34  түлек  алтын ұя мектебімен  қимастықпен қоштасты. Мектеп директоры Бокенбаева Асия Изтаевна мен  алғашқы ұстаздары Саурукова Роза Телембаевна ,ата-аналар комитетінің төрағалары Ақылбеков Дауытбай Шорбекұлы мен Калько Оксана Николаевна  құттықтау сөз сөйлеп, түлектердің алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуден сәтті өтулеріне тілектестіктерін білдірді . Салтанатты түрде Білім кілті беріліп, күміс қоңырауды шаттықтың құшағында сылдырлата соққан  ұрпақтар сабақтастығының әдемі көрінісін жұрттың көз алдынан өткізді. 
 
Бірінші сынып бүлдіршіндері де мектеп бітірушілерге  жүрек жарды лебіздерін айтып  билерін биледі,әндерін айтты. Сыңғырлаған қоңырау үні қоштасу вальсіне ұласты. Мектеп бітіруші түлектерге сәттілік, ақ жол тілейміз!


                                                                         Педагог ұйымдастырушы: 


Похожие публикации:

02 мамыр 2022 ҰБТ -2022
02 мамыр 2022 ҰБТ -2022