2022 жылғы 14 шілде Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022 жылғы 14 шілде Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.
16
шілде
2022

2022 жылғы 14 шілде Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

2022 жылғы 14 шілде Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысты ашқан Мемлекет басшысы күрделі геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, еліміз тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің негізгі тезистері мыналар:
Қазақстандағы инфляция 2015 жылғы деңгейден асып түсті, деп хабарлады президент. «Күрделі геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, еліміз бірқалыпты дамып келеді. Алайда инфляция бір орнында тұрмайды. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылдың деңгейінен асып түсті», - деді Мемлекет басшысы. Білім беру саласындағы жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы: 10,6 мың орын 140 мектепке дейінгі ұйым ашылды. 215 мың орын 225 мектеп ашылады. Шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 1000-нан астам мектеп жаңартылуда. Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарына педагогикалық жоғары оқу орындарының 2 мың үздік оқытушылары мен түлектерін тарту жоспарлануда. Елбасы инфляция мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру, азаматтардың кірісін арттыру және адами капиталды дамыту, ақша-несие және фискалдық саясатты жетілдіру, экономиканың нақты секторын қолдау, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол инфрақұрылымын дамыту сияқты тақырыптық блоктарға нақты міндеттер қойды.