Ашық орган » Страница 3 » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
КВН
23
қазан
2019
КВН
Мектебімізде жоспарға сәйкес мектеп оқушылары арасында жайдарман сайысы өткізіліп, барлығы 6 команда қатысты. Әр команда өте керемет дайындығын көрсетті. Әзілдері жарасымды оқушылар бәрімізді жадыратып, бір қуантып алды.
"Алтын күз" атты күзгі бал өткізілді.
23
қазан
2019
"Алтын күз" атты күзгі бал өткізілді.
Көңілді қоңыр салқын саз жүдетіп, Көз жетті кеткеніне жаздың өтіп. Құлайды жапырақтар құба талдан, Күрең күз құдіретіне тағзым етіп. Қалқаман Сарин Мектебімізде "Алтын күз" атты 8-11 сыныптар арасында күзгі бал өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, туған жердің табиғатына поэзияға, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктері мен эстетикалық көз-қарасын, көркем әдебиетке деген танымдық қызығушылықтарын арттыру. Мереке өте қызықты өтті.
Қыздар арасында волейболдан жарыс өткізілді.
17
қазан
2019
Қыздар арасында волейболдан жарыс өткізілді.
Мектебімізде 7-8 сыныптар аралығында қыздар арасында волейболдан жарыс өтті. Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Елбасымыздың Жолдауында дене шынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттігіне басымдық берген болатын. Қазіріг таңда осы бағытта ауқымды мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Жалпы білім беретін орта мектепте жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіліп отыр. Бүгінгі жас
Шахмат пен дойбыдан жарыс өткізлді.
17
қазан
2019
Шахмат пен дойбыдан жарыс өткізлді.
Мектебімізде 2-3 сыныптар арасында шахмат пен дойбыдан жарыс өтті. Шахмат ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахмат ойыны сонымен қатар, кеңістікті бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін дамытуға көмектеседі. Елбасымыз шахматтың тұнып тұрған есеп екенін айта келіп, "Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді" деген болатын. Сондықтан
"Күз сыйы" атты жәрмеңке
17
қазан
2019
"Күз сыйы" атты жәрмеңке
Жайдары күз, жарқын күз, Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толы кең далам, Дариядай шалқар күз. Қазанның 16 күні мектебімізде "Күз сыйы" атты 5-7 сынып аралығында жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеге оқушылар ғана емес, сондай-ақ ата-аналар мен ұстаздар атсалысты. Мақсаты: Оқушыларды мәдениеттілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет
13
қазан
2019
Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет
Қазанның 10 күні мектепте "Назар аударыңыздар!" дабылы бойынша "Жер сілкінісі кезінде және қауіп төнген жағдайдағы тұрғындардың іс-әрекеті" атты сейсмикалық жаттығуы өткізілді. Барлық оқушылар (200 оқушы) мен қызметкерлер (40 адам) ұйымдасқан түрде 3 минутта үрейленбестен мектеп ғимаратынан қауіпсіз аймаққа көшірілді. Сейсмикалық жаттығу кезінде санитарлық қызмет күшейтіліп, құтқару бөлімшелерінің іс-әрекеттері іс жүзінде көрсетілген жаттығу тренингтері өткізілді. Төтенше жағдайларда өзін ұстау
Қыздар жиналысы
13
қазан
2019
Қыздар жиналысы
Қазанның 09 күні мектебіміздің акт залында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында қыз бала қандай болу керек, жалпы мектепішілік тәртіп, мектеп формасы, инабаттылық, кішіпейілділік сияқты тақырыптар талқыланып, қыздарымызға ЗОЖ ұйымының төрайымы "Ерте жүктілік және оның алдын алу" тақырыбында баяндама оқыды. "Қыздар қандай болуы керек?" тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, сенім жәшігі және сенім телефондары жайлы айтылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Немеребаев Ш.Т. пен
Қала күні
07
қазан
2019
Қала күні
Талдықорғанда қала күні атап өтілді. Айналасы әсем безендірілген "Жастар" саябағына мыңдаған қала тұрғыны мен мейман жиналып, әсерлі кездесулер, қызықты кештер, тартысты жарыстар, сурет көрмелері мен концерттер өтті. "А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебі МДШО" КММ қала күніне орай 1-4 аралығындағы оқушыларымыз көрмеге өз өнерлерін салды. Көрмені тамашалауға Қазақстандық ғарышкер, Халық қаһарманы А.Айымбетұлы келіп, қала тұрғындарына ерекше әсер қалдырды.
Ойын алаңының ашылуы
07
қазан
2019
Ойын алаңының ашылуы
Талдықорған қаласында Красина көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа балалар ойын алаңы ашылды. Ақсақалдар мен аула тұрғындары өздерінің лебіздерін білдіріп, алғыстарын жаудырды. Алдымен бұл қуанышты сәтпен қала әкімі мен Қазақстандық ғарышкері А.Айымбетов құттықтады.
#ЭкоСағат #ЭкоСағатҚазірБаста
07
қазан
2019
#ЭкоСағат #ЭкоСағатҚазірБаста
Дүниежүзілік мекендеу жерлерін қорғау күніне арналған іс-шара жер планетасы фаунасының мекендеу ортасын сақтау проблемасына адамзаттың назарын аудартуға арналған "А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебі МДШО" КММ оқушыларды табиғатқа, туған өлкеге ұқыпты қарау, табиғи ресурстарды сақтау, өсімдік және жануарлар әлемін, су ресурстарын сақтау, салауатты эко-әдеттерді: экодемалысты және көптеген басқа мәселелерді талқылай отырып, Талдықорған қалалық жастар орталығының жетекшісі Онгаров Шеризат