“ Үйдегі көне сурет тарихы “ атты тәрбие сағаты » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “ Үйдегі көне сурет тарихы “ атты тәрбие сағаты
13
сәуір
2023

“ Үйдегі көне сурет тарихы “ атты тәрбие сағаты

Бүгін 13.04.2023 ж 13 сәуір күні А.С.Макаренко атындағы 6 мектепте Г.Осанованың ұйымдастыруымен “ Үйдегі көне сурет тарихы “ атты тәрбие сағаты өтті.Мақсаты: оқушының отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, отбасы үшін мақтанатын сезімін тудырту, тілдік дағдыларын дамыту. Сабақ басында фотосурет тарихы таныстырылды: алғашқы суретті 1839 ж Жозеф Нисофер Ньепс түсірген екен. Алғашқы түрлі-түсті сурет, айдың алғашқы суреті, жердің ғарыштан түсірілген алғашқы суреті, алғашқы су асты суреті. Осылардың тарихымен жан-жақты таныстырылды. Осы таныстырылымнан кейін оқушылар дайындаған зерттеу жұмыстары ұсынылды. 9 “а” Мақсат Дастан, Дәулет Елдана, 8 “ә” Ерік Айғаным, 8 “а” Асанова Балнұр, Сатыбалды Күлайым, Сембай Қымбат, Кубентай Эльназ. Презентация дайындап шағын бейнебаян арқылы өздерінің даңқты ата-әжелері, ата-аналарының өмір жолдарын баяндады.
Арман Дүйсеновтың орындауындағы “Фотограф” әні тақырыпты аша түскендей. Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға “Отбасы портреті” ойыны ұсынылды. Сабақты қорытындылап кері байланыс орнату үшін әдістер қолданылды. Сабақ соңында оқушылар өз ойларын жүрекшеге жазып, тәрбие сағатынан алған әсерімен бөлісті.
Сабақты өткізген: Ж.Турлыбаева
“ Үйдегі көне сурет тарихы “ атты тәрбие сағаты