"КӨКТЕМ АРУЫ-2022!" байқауы » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сәуір
2022

"КӨКТЕМ АРУЫ-2022!" байқауы

2022 жыл-балалар жылына арналған, ұлттық тәрбие бағытында А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектеп директорының қолдауымен, мектепішілік өзін өзі басқару ұйымы және тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушыларының арасында 

« КӨКТЕМ АРУЫ-2022! » сұлулық байқауы өтті. Байқауға іріктеу кезеңдерінен топ жарып шыққан 8 үміткер қатысып, бақтары мен баптарын сынады.

Бұл мектептің мәдени өміріндегі үлкен ресми жобалардың бірі.

Жаны сұлу, сезімі сырлы, талғамы асқақ, ойы ұшқыр, санасы терең, айдын көлдің ерке аққуындай бой жеткен ару қыздардың арасынан озып шыққан ару « КӨКТЕМ АРУЫ- 2022!»  атағына ие  болады.

Мақсаты – оқушылардың бойында ұлттық тәрбие құн­дылықтарын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту,  оқушының жеке тұлға ретінде жарасымды дамуына, бүгінгі қыздарымыздың бойындағы  шығармашылық және жоғары зият­кер­лік әлеуетін арттыру, табиғи сұлулықты насихаттау.

Ақтық мәреге қатысушылардың интеллектуалды өресі мен өнері, білімі сараланды. Арулар 

дайындаған ұлттық ою-өрнектерін көрсетіп,  ұлттық дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап беріп алғырлықтарын да байқатты.

Арулар  «Таныстыру», «Сұрақ-жауап», «Өнер» «Ою өрнек» кезеңдері бойынша бақ сынасты. Байқауда  өткен жарыс көрермендерге ерекше әсер сыйлағаны анық. Қатысушылардың бірі әсерлі әндерімен жұртшылықты тәнті етсе, енді бірі көркем биімен, сахналық көріністерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Әділқазылар алқасының ұйғарымы бойынша, А .С. Макаренко атындағы №6 орта мектептің 9ә сынып аруы САҒЫНДЫН ЖҰЛДЫЗ   жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар шығып, ГРАН- при атағына ие болды. Ал, қалған арулар түрлі аталымдар бойынша марапатталды.

                                                                                                        Т.Букейбаева