"Абай - дана, Абай - дара" қазақта атты әдеби сазды кеш » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Абай - дана, Абай - дара" қазақта атты әдеби сазды кеш
22
ақпан
2020

"Абай - дана, Абай - дара" қазақта атты әдеби сазды кеш

Ақпанның 7 жұлдызында мектебімізде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған "Абай - дана, Абай - дара" қазақта атты әдеби сазды кеш өткізілді. Аталған кешке айтыскер ақын, "Алатау" газетінің бас редакторы Бұлғақов Айтақын Мұхамедиұлы қатысты. Кештің мақсаты: Абай өнерін насихаттау, қара сөздері мен өлең және әндерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқу. Жас ұрпаққа рухани тәлім-тәрбие беру. Мектеп оқушылары Абай атамыздың әндері, өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, Абай атамыздың балалық шағы мен қария шағынан сахналық көрініс көрсетті. Кешті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Оспанов Зормамед Зардинович пен Еркенбекова Саягуль Сламбаевна өткізді. Кеш қонағы айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов мектеп оқушыларының өнеріне тәнті боп, ризашылығын білдіріп өтті.
"Абай - дана, Абай - дара" қазақта атты әдеби сазды кеш