школа
А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектептің қамқоршылық кеңес отырысының №1 хаттамасы
Өткізілген күні: 24.02.2018ж.
Өткізілген орны:А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектеп
Кеңестің басталуы: сағат 11.00
Кеңестің аяқталуы: сағат 12.00
Қатысқандар саны: 9
Қатыспағандар саны: 0
Күн тәртібінде:
1.Кеңес құрамын 2017-2018 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен таныстыру.
2.Қамқоршылық кеңестің төрағасын, орынбасарын және хатшысын сайлау, тағайындау.
3. Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрықпен таныстыру.
4.2017-2018 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңестің жоспарын бекіту.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша мектеп директорыА.Исабекова кеңес мүшелерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен, қамқоршылық кеңес ережесімен, кеңес мүшелері құқықтары және міндеттерімен толықтайтаныстырды.
Шешімі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы басшылыққа алынсын.
Тыңдалды:
Екінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Исабекова қамқоршылық кеңестің төрағасын, орынбасарын және хатшысын сайлау туралы сөз қозғады. Кеңес мүшелерінің пікірлері тыңдалды.
Шешімі:
Бір ауыздан қамқоршылық кеңестің төрағасы болып Есенгабылов Ильяс Жансеркенұлы , төраға орынбасары болып Ниязахунова Шарапат Жандәулетқызы, Ден Таисия Александровна кеңес хатшысы болып тағайындалсын.
Тыңдалды:
Үшінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Исабекова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен қамқоршылық кеңес мүшелерін таныстырды.
Жоғарыда аталған орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрықты орындау дұрыс жолға қойылсын.
Тыңдалды:
Төртінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Исабекова 2017-2018 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңестің жоспарымен таныстырды.
Шешімі:
Бекітілген жоспар бойынша жұмыстар жүйелі, уақытылы атқарылсын.