"Епті спортшы – қайсар жауынгер" » А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"А.Макаренко атындағы №6 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 23-44-34
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
мамыр
2022

"Епті спортшы – қайсар жауынгер"

Күрес, бәйге сынды спорт түрлері ықылым замандардан бері қазақтың қанына жат жаратылыс емес. Атаның қанымен, ананың сүтімен бойға дарыған палуандық, шабандоздық әкеден балаға ұласып келе жатқан төл спортымыз. Жуырда қазақ күресінен кіші жасөспірімдер және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты 2022 жылдың 25-30 сәуір күндері Шымкент қаласында қазақ күресінің мәртебесін ұлықтаған тағы игілікті іс-шара өтті. Аталған чемпионатта мектебіміздің 10 сынып оқушысы Қыдырмолда Қуан үлкен жеңіске жетті – Чемпион атанды. Мектебіміз үшін үлкен қуаныш, жетістік. Қуан спорттың осы түрімен 4 сыныптан бері шұғылданады. Өзінің шыдамдылығы, қайсарлығы, тынбай еңбектің нәтижесінде үлкен жеңіске , қуанышқа ие болды. Мектебіміз үшін бұл үлкен жеңіс, қуаныш. 








Похожие публикации:

06 мамыр 2022 Ерлік сабағы